Ми далаға қоларбадағы баласын неге тастап кеткенін түсіндірген әйел жұртты шошытты (видео)
Полиция: Баланың анасына айыппұл салынды
Алматы облысында жаңадан салынып жатқан үлкен тас жолдың бойындағы көпір маңына тасталған балақайдың анасын полиция дереу тапты, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Полиция берген ақпаратқа сай балақайды тауып алған ерлі-зайыпты дереу Қарасай аудандық полицейлерінің көмегіне жүгінген. олар баланың анасын дереу тауып, айыппұл салған. Түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Есте олса, Алматы облысындағы тас жол бойымен жұмыстан қайтып жатқан ерлі-зайыпты коляскада жатқан балақайды тауып алып, видеоға түсірген. Сол маңнан бір сағат бойы баланың ата-анасын іздеген. Ақыр соңында полиция шақырып, баланы тапсырған. Қызығы тап-таза киінген балақай бір де бір рет жыламаған, үнемі күлімдеп өзін көтерген әйелді еш жатырқамаған. көпшілік бұл жайтты өтірік деп ойлады. Көпшіліктің жүрегін елжіреткен жағдайдың видеосы Телеграм арнамызда.