Мөлдір Мұқанова ақын Айшолпанның жұмысқа деген жауапсыздығын айтып, ренішін білдірді
Мөлдір Мұқанова: Үшінші рет кешірмеймін
Танымал актер, ысқақшы Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы продюсер Мөлдір Мұқанова айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайдың жұмысқа деген жауапсыздығын "Парадокс" бағдарламасында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Айшолпан өзі келді. Ренішін айтты, халыққа ренжи береді екен. Сараға, Айнұр Тұрсынбаеваға ренжіп жатты. Осы кісілер менің өзімнің осы ақындық жолдағы апаларым бірінші қолдаушы болатын жандар еді ғой. Айналып келіп, сіз маған жетекшілік етіп, қолдап жатсыз деген әңгімелер айтты. Контрактіге отырдық, Концерттерге шығып, идеямызды бөлісіп, жұмыс жасап жүрдік" , - дейді Мұқанова. Алайда, оның айтуынша Айшолпанның жоқ болып кетуі жұмысқа кедергі келтірген. "Бір күні Айшолпан жоқ боп кетті. Таппай қалдық 3-4 күн. Одан кейін қайтадан келді жылап еңіреп, қайтадан жұмыс істейік, бұл қателігім енді қайталанбайды деді. Кешірдім, 1 ай өтпей жоқ боп кету мінезі қайта басталды" - дейді продюсер.