Екі баланың анасы: Енем өзге кісімен көңіл қосып жүргенін байқап қойдым, атама обал
Әйелдің сөзінше өзін үнемі тергеп,тәртіпке салып отыратын енесі қайын атасының көзіне шөп салып жүр
Енесі үнемі өзін түртпектеп отыратын келіншек "КҮН.КЗ" сайтына хат жазып, жеке басындағы мәселемен бөлісті. Есімін жазбаған оқырман отбасын басқаратын енесінің бейәдеп қылығын байқап қойғанын жазған. "Қайырлы күн. Есімімді құпия қалдырсам. Қызылорда қаласынан жазып тұрмын. Мен енемнің жақында үлкен ер азаматпен жүретінін білдім. Енді осы жағдайды күйеуіме айтқаным дұрыс па? Айтпасам өзімді атаммен күйеуімді алдап жүргендей сезініп жүрмін. Білген күннің өзінде бәрімізді оңдырмайын деп тұр. Менің келін болып түскеніме биыл екі жыл болады . Ата-енем, екі қайын ағам, күйеуім және екі баламмен тұрамыз. Тұңғышымды босанғаннан кейін, енем өзгеріп кетті, істеген істеріме бәріне тиісетін болды, ұйқыдан тұрып бөлмемнен шыққаннан қабағы қырық түйін болып жақтырмай отырады. Мүлде келін ене болып не әңгіме де айтпаймыз. Мен отырып әңгіме айтып жақсы қарым-қатынаста болғым келеді бірақ, өзіне жақын тартпайды. Бір жаққа жол жүріп келсе құшақтасып амандаспайды. Солардың көңілі тоқ болу үшін үлкен баламды да беріп қойдым енеме, түнде қастарына алып жатады, қайда барсада қасынан тастамайды. Отырсам опақ, тұрсам сопақ болдым. Енемнен қатты шаршадым, көңілім қалды. Азанда сәлем салсам оныда алмайды, салуды ұмытып кетсем "бізді сыйлаудан қалдың басымызға шығайын деп жүрсің" деп қырғын шығарады. Айта берсем өте көп мәселе, жүйкемді жұқартып бітті. Қысқасы отырсам опақ, тұрсам сопақ болдым. Енемнен қатты шаршадым, көңілім қалды. Үндемей барлығын ішіме жинап жатырмын. Басында барлығын күйеуіме жылап айта беретінмін. Қазір одан пайда жоқ екенін түсіндім. Ең сорақысы жақында енемнің бір үлкен еркекпен жүретінін, үнемі кездесіп тұратынын білдім. Енем 50-ден асқан адам,5 уақыт намаз оқиды, не көрінгенін білмеймін. Менің ойымша екеуі бұрыннан жүретін сияқты. Ол кісіні де отбасында білемін. Бәрінен бұрын қайын атама жаным ашиды . Енемнің көзінен, сөзінен үнемі атама деген жеккөрінішті байқаймын. Таң атқаннан кеш батқанға дейін ватцаптан шықпай, біреумен сөйлесіп жүреді. Тіпті сол кісімен кездесуге шығып бара жатқанына дейін де біліп отырамын. Арты неге апарып соғар екен? Енді осы жағдайдың барлығын күйеуіме айтсам қалай болады? Барлығын жайып салсам, "телефонымды неге ақтарасың?", деп бәленің барлығын өзіме жабама деп тағы қорқамын. Қалай істесем болады? Ақыл кеңестеріңіз керек",-дейді екі баланың анасы. Өзіңізді мазалаған мәселе немесе қызықты оқиғаларыңыз болса+7 777 084 09 65 нөмірге жазып бөлісе аласыз. Құрметті оқырмандар сіздердің хаттарыңызды асыға күтеміз!