"Ақтөбе" мен кездесу кезінде жарақат алған "Қайрат" ойыншысына ота жасалып, ол есін жиды
Дерігерлер футболшының денсаулығын жіті қадағалап отыр
«Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол клубтар арасындағы матч кезінде «Қайрат» футбол командасының ойыншысы Арсен Буранчиев ауыр жарақат алды. Ойынның екінші минуты кезінде ақтөбелік футболшымен допқа таласқан сәтте басынан ауыр соққы алды. Оны дәрігерлер шұғыл түрде ауруханаға әкеткен еді. Бүгін Арсенге ота жасалды. Жансақтау бөлімінде жатқан аяқ доп шебері бірер минут бұрын есін жиған. Дәрігерлер көмегінен кейін өзіне келген спортшы барша халыққа, "Қайрат" клубының барлық мүшесіне қолдағандары үшін алғыс айтып, өзін жақсы сезініп жатқанын жеткізді. Клубтың баспасөз қызметі ойыншыны дәрігерлер үнемі бақылап отырғанын жазды.