ШҚО-да Ленин ескерткішін жөндеуге 1,5 миллион теңге бөлінбек
Бұған қаражат аудандық бюджеттен қарастырылыпты. Мердігер табылса, жұмыс биыл басталады, - деп хабарлайды "КҮНюКЗ" Massaget.kz порталына сілтеме жасап. Ресми мәліметке сүйенсек, ескерткіш қоладан құйылған. Жуықта аудандық мәслихат сессиясында 2023 жылға бюджетті нақтылау кезінде "күн көсемнің" монументін жөндеу жағы сөз болды. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының мәліметінше, бұған 1 миллион 449 мың теңге бөлінбек. Ресми мәліметке сүйенсек, ескерткіш 1962 жылы бой көтеріпті.
Аталған жаңалық әп-сәтте өңір тұрғындары мен желі қолданушыларының наразылығын туғызды.
Нұрсерік Қасымжомарт "Өзге түркі халықтарынан ұят қой?" деп келте қайырды. Дегенмен аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова қаражат бөлініп қойғанын және оның Алтай қаласының орталық алаңын жөндеуге жұмсалатынын алға тартты.