Алматы облысында 8 жасар қызға көршісі бір жыл бойы азғындық әрекет жасаған
Ауыл халқы күдіктінің ауылдан көшіп кетуін талап етіп отыр
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Көктөбе ауылында 8 жастағы қызға 44 жастағы көршісі бір жыл бойы жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі Sputnik басылымына сілтеме жасап. Оқиғаны жеткіншектің әжесі баяндап берген. "Көрші тұратын ер адам үйдегі телефонға хабарласып, немереңізді жіберіңіз, алма беремін деді. Немерем жалғыз барғысы келмеді. Қасына інісін ертіп алды. Сөйтсе ана көршім ініңді тастап, өзің кел депті. Немерем жылап келді. Артынан көршім жанталасып жүгіріп келді. Мен есікті жауып алдым. Бір сұмдықтың болғанын сездім", - дейді жеткіншектің әжесі.