Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

17.05.2023
0
Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

Бүгін, 17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды. Tengrinews.kz архив суреттерді жинап, Мемлекет басшысының өмірбаяны туралы шолу жасап өтті.

Тоқаев туған күнін тойламайтындықтан, елде мерекелік іс-шаралар жоспарланбайды. Ол бүгін Қытайға мемлекеттік сапармен барады және Сиань қаласында өтетін «Қытай-Орталық Азия» саммитіне қатысады.

«Бұл — Президенттің ұстанымы. Мемлекет басшысы 17 мамырды әдеттегідей өткізеді. Қазақстанда немесе Қытайға сапары аясында туған күнді тойлау шаралары болмайды», — деді оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген.

Әкесі — Кемел Тоқаев (1923-1986), Ұлы Отан соғысына қатысқан, белгілі жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив-шытырман оқиғалы жанрдың негізін салушы. Анасы — Тұрар Шабарбаева (1931-2000) — Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітіріп, Қытайдағы КСРО елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өтті.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне қызметке кірді. Сингапурдағы кеңес елшілігіне жұмысқа жіберілді. 1979 жылы КСРО СІМ аппаратына қайта оралды. 1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді, кейін Қытай Халық Республикасындағы елшілік қызметке жіберіліп, 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы, кеңесші қызметтерін атқарды.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын бітірген.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

1992 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

1999 жылы наурызда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары болды. 1999 жылы қазанда парламенттің келісімімен президент жарлығымен премьер-министр болып тағайындалды. 2002 жылдың қаңтарында мемлекеттік хатшы – сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жылдары сыртқы істер министрі болды. Осы лауазымда ол ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдеріске белсенді атсалысты.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

2007 жылдың қаңтарында Парламент Сенатының төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

2011 жылдың наурызында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры, сондай-ақ БҰҰ бас хатшысының қарусыздану жөніндегі конференциядағы жеке өкілі болып тағайындалды.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

Ол, сонымен қатар, қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы қызметін атқарды. ТМД және Шанхай ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

2013 жылғы 16 қазанда парламент сенатының төрағасы болып қайта сайланды.

2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының президенті ретінде ант қабылдады.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс президенттік сайлауда 70,96 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетіп, Қазақстан президенті болып сайланды. 2019 жылғы 12 маусымда Конституцияның 42-бабына сәйкес ант қабылдап, ресми түрде сайланған президент ретінде мемлекет басшысының лауазымына кірісті.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

2022 жылдың 20 қарашасында ол кезектен тыс президенттік сайлауда 81,31 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. 2022 жылғы 26 қарашада Қазақстан президентінің ұлықтау рәсімі өтті.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

2021 жылдың сәуірінен — Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы. 2022 жылдың қаңтарынан — Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Төтенше және Өкілетті елші. Саяси ғылымдардың докторы.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының белсенді мүшесі.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы орман өртінен зардап шеккендермен кездесуде

Мюнхен қауіпсіздік конференциясының «Даналар кеңесінің» мүшесі. Шэньчжэнь университетінің және Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясының құрметті профессоры.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

Қазақстандық халықаралық қатынастар кеңесінің құрметті президенті. Женева дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

Орыс биографиялық қоғамының мәліметі бойынша ол «Жыл адамы — 2018» лауреаттарының тізіміне енді.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен үстел теннисін ойнап жатқан сәт

13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттеріМемлекет басшысы Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барған кез

Халықаралық қатынастар мәселелері бойынша 10 кітаптың авторы.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

Салауатты өмір салтын қолдаушы. Көркем, саяси және мемуарлық әдебиеттерді оқығанды ұнатады.

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

 

Бөлісу6Твит4
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2208 бөлісу
    Бөлісу 883 Твит 552
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1247 бөлісу
    Бөлісу 499 Твит 312
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2136 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Жигули Дайрабаев үйімді тартып алды деген азамат сотта мәжілісменді жеңді

    1019 бөлісу
    Бөлісу 408 Твит 255
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1790 бөлісу
    Бөлісу 716 Твит 448
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    907 бөлісу
    Бөлісу 363 Твит 227
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    893 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес

    734 бөлісу
    Бөлісу 294 Твит 184
  • Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты

    722 бөлісу
    Бөлісу 289 Твит 181
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.