Әнші Ғазизхан Шекербеков ұлының сүндет тойында композитор Арман Дүйсеновті еске алды
Танымал әнші Ғазизхан Шекербеков кеше ұлы Димаштың сүндет тойын жақындарының арасында дүркіретіп атап өтті. Атаулы күні Шекербеков композитор Арман Дүйсеновті еске алған, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Мейрамхананың төріндегі экраннан марқұм Арман Дүйсеновтың естелік видеосы көрсетілді. Дәл осы сәтте Ғазизхан Шекербеков өзінің ұстазының "Туған жер" әнін орындаған. Еске алу сәтіндегі бейне жазбамен әлеуметтік желіде әнші Мөлдір Әуелбекова бөлісті. Айта кетейік Ғазизхан Шекербеков жасаған сүндет тойға Мейрамбек Бесбаев жұбайымен, Мөлдір Әуелбекова, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, Мөлдір Мұқанова, Қайрат Нұртас бастаған өнер иелері жиналған. Тойдың басын әншінің ұлының тамаша биімен бастады. https://youtu.be/zC8IpiT1D7o