Басты жаңалықтар

Бәйдібекте 400 мың теңге пара алған шенеунік 12 млн теңге айыппұл төлеп құтылды

Кәсіпкерден пара алған аудандық құрылыс бөлімінің басшысы сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, 5 мамырда Бәйдібек аудандық сотының үкімімен Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т. Досалиев сотталған, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Ол алған парасының отыз еселенген сомасы мөлшерінде 12 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Ол «Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» объектісін пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 400 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.