Басты жаңалықтар
Үлкен Алматы шыңында қолы сынып, басы жараланған ер адам құтқарылды
- автор kyn.kz
- 2 шілде, 2018
- 315
Бір жарым сағаттың ішінде құтқарушылар космоорталыққа жетіп құтқару жұмыстарын сәтті жүргізді
30 маусым күні 14 сағат 14 минутта Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші диспетчерлік бөліміне Алматы қаласының ТЖ департаментінен хабарлама келіп түсті.
Онда Үлкен Алматы шыңында 1987 жылы туған ер адамның қолы сынып, басы жараланғаны айтылды.
Өздігінен қозғала алмағандықтан, жолдастары бір адамды қасында қалдырып, таудан түсіп кеткен», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы аттанған.
Бір жарым сағаттың ішінде құтқарушылар космоорталыққа жетіп, шыңға шығуды бастады. 16:15-те жараланған саяхатшы табылып, оған алғашқы жәрдем көрсетілген. Тағы бір сағаттан кейін ер адам Алма-Арасандағы жедел жәрдем бригадасына жеткізілді.
«Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауға шығарда жақындарыңыз бен туыстарыңызға тау бағыты мен келер уақытты хабарлау қажеттігін ескертеді.
Ыңғайлы аяқ киім киіп, таудағы температуралық режімнің өзгеретінін (әрбір 100 метр сайын бір градусқа төмендейді) ескерген жөн.