Алматылық пәтерді жалға алып, көрші елдерден қыздарды жинап жезөкшелер ордасын ашқан
Ұсталған жезөкше қыздар тек көші- қон заңын бұзғаны үшін ғана жауапқа тартылады
Үш бөлмелі пәтерді жезөкшелердің ордасына айналдырған. Алматыдағы Мамыр ықшамауданындағы көпқабатты үйдегі пәтерден жынойнақ орнын ашу үшін жалға алған азамат жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары сау етіп кіріп келгенде, интим-салонда 9 қыз жұмыс істеп жатыпты. 19-26 жас арасындағы жеңіл жүрісті әйелдер Қазақстанның әр түкпірінен келген. Жезөкшелікпен айналысқандар тек Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Ал жыныстық қызмет көрсеткені үшін полицияның арнайы есебіне алынды. "Жезөкшелікпен айналысу үшін пәтерді және қандай да бір ғимаратты жалға алу құқықты бұзу болып табылады. Бастапқыда әкімшілік заңнамасының аясында қарастырылады. Бір жыл ішінде осындай қылмысқа жол берілсе, онда қылмыстық жауапқа тартылады",-деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.