Басты жаңалықтар
Алматы облысында жазасын өтеп жүрген әйел колониядан қашып кетті
- автор kyn.kz
- 18 мамыр, 2023
- 363

Алматы облысында №10 мекемеде жазасын өтеп жүрген әйел қашып кетті, деп хабарлайды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Ол Жауғашты ауылындағы түрмеден 12 мамырда қашып шыққан.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында, сотталған әйел мекеме аумағында ұсталды. Бұл оқиға ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, Алматы облысы Іле ауданының полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылды", - дейді ҚАЖД баспасөз қызметі.
Болған оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Кінәлі лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сай жауапкершілікке тартылады, дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Келесі мақала
Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы өмірден өтті
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025