Басты жаңалықтар

Димаш Құдайберген Мемлекет басшысымен ұшақтағы кездесуінен әлеуметтік желіде видео жариялады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен ұшақта кездесуінен фото, видео жариялады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «Көк аспанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!», - деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.  width= Айта кетейік, ҚР Президенті Қ.Тоқаев 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барды. ҚХР-дың Сиань қаласында «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті. Сарай алдындағы алаңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев театрландырылған қойылымды тамашалады. Одан кейін Орталық Азия елдері басшылары және Си Цзиньпиннің алдында Димаш Құдайберген өнер көрсетті. https://youtu.be/fx-rgec-TCI