Шахизада екінші күйеуін өзі үйлендіргенін айтты
Шахизада үш некесінің неге сәтсіз аяқталғанын түсіндірді
Танымал әнші Шахизада "Астарлы ақиқат" бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. “Маған келген ер азаматтар көмек күтіп тұрады. Неге екенін білмеймін. Үш рет тұрмыста болғаным рас. Бірінші күйеуім Асқар – Олжас баламның әкесі. 19 жасымда шаңырақ көтердік. Солтүстік Қазақстанда бүкіл қиыншылықтан өтіп, балалы болдық. Кейін арамыз адамдар түсті, ішімдікке салынды. Мен өнер адам болған соң бір орында отыра алмаймын. Осы уақытқа дейін тіршілік жасап, әнім, өнері деп жүрмін. Бір орында тұрып қала алмадым, сол себепті екеуіміз екі жаққа кеттік. Екінші рет тұрмыс құрмас бұрын жалғыздықты сезіндім. Үйде жалғыз өзім, 40 градусқа дейін қызуым көтерілді. Шәй құйып, су беретін адам болмады. Өлуге дайын жаттым. Төсегімнің жанында айна болатын. Соған қарап отырып, жынды адамдай өзіммен-өзім сөйлестім. “Шахизада, не істеп жүрсің? Сенің әнші, атақты болғаныңды қайтейін? Бейшара боп жатқан жатысың не? Су беретін адамың жоқ. Не сұмдық мынау? Шұғыл тұрмысқа шық” деп өзіме айттым. Сөйтіп екінші рет тұрмыс құрып, күйеуіммен 8 жыл тұрдым. Бірақ мен ол жігітті өзім сүйредім. Оны көтеріп директор қылдым. “Менің жолдасым директор” деп бәріне мақтанып жүрсем, соңында маған артын көрсетіп кетті. “Жарайды, садақа! Жағдайын жасадым, бақытты болсын” деп өзім үйлендіріп жібердім”, – дейді Шахизада жан сырын ақтарып. Шахизада үшінші күйеуі үшін Түркияға көшкенінде жасырмады. “Үшінші жолдасымды мықты ер азамат деп айта аламын. Ол кісіні көпшілік біледі, Батыр деп атайды. Мен оны білген жоқпын. Әйел құлақпне жақсы көретіні белгілі. Күнде сені мақтап, еркеліп, сүйетінін айтса кім жек көреді. Жатса, тұрса сезімін білдіретін. Ондай ер азаматқа қай әйел болса да сенеді. Менің де жауабым болсын деп, бүкіл дүниемді, бала-шағамды тастап сол үшін Түркияға көшіп кеттім. Барып оның жағдайын жасадым. Өйткен ол жақта оның жағдайы жоқ екен. Содан ол маған қол көтерді. Сөйтіп мен бірден өзімді жинап өзіме: “Осы жасыма келгенде еркектен таяқ жеп, қалған өмірімді осылай өткізмін бе? Маған өол көтеретіндей не істеп жатыр?” деп сұрақ қойдым. Пәтерінің ақшасын мен төледім. Тамағы, киімі менің мойнымда. Көпшілік оны білмейді, түсінбейді. Бірде әпкем маған: “Үйленгенді қойсаңшы. Еркектер саған үйленсін де” деді. Сонда ғана ойландым. Шынында, еркекке мен үйленеді екенмін. Студияға келген психосомат маманның айтуынша әншінің некесінің сәтсіз аяқталуы балалалық шақтағы әкеге деген ренішке тікелей байланысты екенін айтты. “Мен кішкентай кезімнен әкеме риза болмадым, ренішім бар. Өйткен әкем менің көзімше анамды ұратын”, – дейді әнші жасырмай. Ал отбасылық психолог әкеге деген ренішті жібермейінше Шахизаданың жеке өміріндегі сәтсіз қарым-қатынастардың қайталана беретінін ескертті. Бағдарлама барысында Шахизада сүйіктім деп таныстырған азамат Ерболат Ержанбаевтың жұбайы өз ақиқатын айтты.