Басты жаңалықтар

Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Сингапур президентін қарсы алды

Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. "Ақорда" резиденциясында Халима Якобты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары орындалды. Тоқаев Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.