Басты жаңалықтар

Хиджап туралы жазба қалдырып, басы дауға қалған Динара Сәтжан оранған қыздардан кешірім сұрады

Динара Сәтжан:"Исламды гардеробты ауыстыруға теңеп жүрген қыздарды көріп жүрмін"

Желіде хиджап туралы жазба қалдырып, басы дауға қалған танымал тележүргізуші Динара Сәтжан оранған қыздардан кешірім сұрады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «Менің жақындарым құдайға құлшылық ететінімді, исламға құрметпен қарайтынымды біледі. Құранның 3 бөлімінде не жазылғанын да білемін. Менің әжем де намаз оқыған, басында ақ орамалы болатын. Бірақ ол оны ешқандай үгітсіз, тыныш, ешкімді үгіттемей, өзі үшін оқитын. Себебі ислам діні қарапайым болуға шақырады емес пе? Менің жазбамның басты мақсаты исламда жазылған өзіміздің мәдениет, дәстүр, ұлттық ID-мызды сақтауға шақыру еді. Қазақстандағы оранған қыздарға сұрағым жоқ. Мен сендердің таңдауларыңа құрметпен қараймын, егер көңілдеріңізге тисе кешірім сұраймын. Менің бұлай жазуымның басты себебі етек-жеңін ашып жүрген блогерлердің бәрінің бір уақытта орана қалуы болды. Менің махаббат, қиналу және иман тұрғысынан даму үшін хиджаб киген таныстарым көп. Бірақ мен қазір исламды – гардеробты ауыстыруға теңеп жүрген қыздарды көріп жүрмін. Әлде олардың бұлай жасауына басқандай себептері бар ма?», - деді тележүргізуші. Сонымен қатар Динара Сәтжанның құрбысы танымал продюсер Баян Мақстақызыда осы мәселеге қатысты пікір білдіріп көпшіліктің сынына ұшыраған еді.