Оранған блогер хиджап кигені үшін ақша берілетінін және арнайы келісімшартқа отырғандарын мойындады
Бірнеше күн бойы блогерлердің жаппай оранып кетуі, желіде қызу талқылануда. Көпшілікті мазалайтын "Қазақстанда хиджаб киген блогер қыздарға ақша төленеді" деген ой . Сонымен қатар желіде олардың барлығын арабтар қаржыландырып отыр деген алып қашпа әңгіме желдей есуде. Осыған қатысты хиджаптағы блогер әлеуметтік желіде жазба жариялап бар шындықты мойындады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Иә, төленеді. Біз келісімшартқа отырамыз. Бізде белгілі бір келісім шарт болады. Хиджабты қазір кидің ба, өміріңнің соңына дейін шешпеу керек. Ал, ақшасын қалай бересіздер, қашан бересіздер дегенде, ақшасын сауап ретінде ақырет күні аласыздар деді. Өте керемет ұсыныс болды. Біреу сізге миллиард теңге берем десе, қалай боласыздар. Сол сияқты, ақшасын ақырет күні миллиардтаған сауап етіп берсе өте керемет емес пе? Бірақ, мұны Динара Сәтжан қалай біліп алған. Оны арамыздағы бір қыз сатып кетіп тұр ғой...", дейді видео үндеу жолдаған қыз бала. Осы жазбадан кейін оқырмандар: "Арабқа еліктеп қазағымыз құрып бара жатыр", "Арабтар қаржыландырып тұрған болар. Ақша не істетпейді", "Хиджаб Алланың парызы", "Иә, сән үшін емес. Шын ниетпен таққандарға сауап болады", "Көрейік, қашанға дейін киетіндерін", деп ойларын ортаға салуда. Естеріңізге сала кетейік хиджап кию мәселесін "Гардеробты ауыстыру", деп атаған Динара Сатжан сынның астында қалған еді. Сәтжан қолдап құрбысы продюсер Баян Мақсатқызыда жазба қалдырып еді. Оны да көпшілік желіде қызу талқылап, бірі қолдап жатса ал енді бірі сынның астынан алды.