Димаштың туған күніне орай Перудегі жанкүйерлері балалар үйіне көмектесті
Перудегі Dears жанкүйерлері Перу балаларына көмектесу үшін қайырым акциясын ұйымдастырды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "La Ciudad de los niños" (Балалар қалашығы) үйінде ата-анасыз қалған және тамақ пен оқуға қаражаты жоқ мектеп жасындағы жасөспірімдер тәрбиеленеді. Фан-клубтар өздерінің ресми әлеуметтік желілері арқылы осы балалар үйі туралы ақпарат таратып, Dears мамыр айында осы мекемеге тікелей қайырым көмек жасай алған. Фан-клубтардың әкімшілерінің айтуынша, бұл қайырым акциясына Димаштың үлгі көрсетуі мен оның балаларға деген шексіз сүйіспеншілігі шабыт берді. Нәтижесінде Перу фан-клубтары (Dimash Qudaibergen Peru World және Dimash Kudaibergen Peru Dears) балаларға көмек жобасын жүзеге асыру үшін бірігіп жұмыс істеген.