Басты жаңалықтар

Димаш Құдайберген туған күнінде тыңдармандарына тосын сый жасады

Бүгін танымал әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні. Әнші туған күніне орай тыңдармандарына сый жасап, «Өмір» атты жаңа клипін жарыққа шығарғалы жатыр. Бұл жаңалықпен Димаш өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Тыңдармандары әншіні әлемнің әр қиырынан құттықтап, ыстық лебіздерін білдіріп жатыр. Дінмұхаммед (Димаш) Құдайберген Қанатұлы 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында  дүниеге келген. Ата-анасы Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері.