Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай, Нью-Йоркте әншінің фотолары таймс-сквер экранынан көрсетілуде

ашық дереккөз
Бүгін әлемге белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 29 жасқа толды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Бүгін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы таймс-сквер алаңында үлкен экраннан Д.Құдайбергеннің фотолары көрсетілді. «Сәлем, Таймс-сквер! Сәлем,әлем! Сәлем, 29 жас! Барлықтарыңызға осыншама үлкен құрметтеріңізге көп рахмет», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында. Таймс-скверде түсірілген видеодан Димаштың есімін атап айғайлаған жанкүйерлердің дауысын естуге болады. Бұған дейін Димаш өзінің туған күнінде жаңа әнінің бейнебаянын жариялайтынын айтқан болатын.
Loading...