Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Жасырынбақ ойнаған: Текеліде тоқ соққан қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

25.05.2023
0
Жасырынбақ ойнаған: Текеліде тоқ соққан қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Жетісу облысы Текелі қаласында жеткіншек токқа түсіп қалды. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстантілшісіне қыздың анасы айтып берді, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі. Оқиға 22 мамырда сағат 18:30 шамасында болған.
«Аулаға төрт баламен шықтым. 9 жастағы қызым ойнап келейінші деп сұранды. Мен рұқсат бердім. Балалар жасырынбақ ойнаған. Үш бала жасырынбақ болып, ауладағы трансформаторлар орналасқан ғимаратқа кіреді. Үшінші бала қараңғы болғандықтан кері шегінген. Ал қызым бірінші болып кірген. Үшеуі қараңғыдан қорқып, қайта кері шығады. Соңында келе жатқан қызым шығып келе жатып, тоқ соққанда құлаған. Жердің бәрі балшық болған», — дейді анасы Гүлнар Бекенқызы.
Анасының айтуынша, қыз айқайлап көмекке шақырған, бірақ ешкім келмеген.

«Өйткені токқа түсіп қаламыз деп қорыққан. Бір оқушы бала көтеріп алып шығыпты. Мен жүгіріп барсам шөптің үстіне жатқызып қойыпты. Қызым көгеріп кеткен. «Анашым» деген бірауыз сөзді айтты. Аяғының басы тіпті қарайып кеткен. Тоқ иығынан соғып, аяғының басынан шыққан. Иығынан бастап қолының ұшына дейін, бел омыртқасынан аяғының ұшына дейін жарақат алған», — дейді Гүлнар Бекенқызы.

Жеткіншек Текелі қалалық ауруханасында ем алып жатыр. Жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған. Жағдайы бірқалыпты дейді дәрігерлер. Ал трансформаторға жауапты Текелі электр жүйелерінің мамандары шағын станцияның есігі жабық тұратын дейді.
«Трансформаторлық шағын станция есігінде құлып тұрған. Біздің қызметкерлер әр айдың соңында трансформаторларды тексереді. Одан калса жедел шұғыл бригадамыз бар, олар да айына бірнеше рет тексеріп тұрады. Мамандар тексеру жүргізген кезде қосалқы станциялардың есігінде құлыптар болған», — дейді «ТАТЭК» АҚ басшысы Айдос Туғанбаев.
Электр жүйелері мамандарының айтуынша, қосалқы станцияда ұрлық жасап пайда көргісі келетіндер құлыпты бұзып кетеді.
«Негізі құлыптарды бұзып, сындырып кететін жағдайлар болып тұрады. Ал оқиға болған аумақ тұрғындарынан подстанция есігінің ашық жатқаны туралы бірде-бір рет хабарлама түскен емес», — дейді Айдос Туғандағы.
Анасының айтуынша, жеткіншектің бүйрегіне зақым келген. Тоқтың салдары одан да ауыр бола ма деген қауіп те жоқ емес.
Бөлісу104Твит65
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2207 бөлісу
    Бөлісу 883 Твит 552
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1246 бөлісу
    Бөлісу 498 Твит 312
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2136 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Жигули Дайрабаев үйімді тартып алды деген азамат сотта мәжілісменді жеңді

    970 бөлісу
    Бөлісу 388 Твит 243
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1789 бөлісу
    Бөлісу 716 Твит 447
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    904 бөлісу
    Бөлісу 362 Твит 226
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    892 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес

    733 бөлісу
    Бөлісу 293 Твит 183
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
  • Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты

    699 бөлісу
    Бөлісу 280 Твит 175
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.