Алматы қаласы спорт басқармасының бұрынғы басшысы 4,5 жылға сотталды
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында қалалық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Рүстем Байсейітовке үкім шығарылды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Медеу ауданының № 2 аудандық сотының судьясы Жомарт Мұхаметжанов спорт басқармасының бұрынғы басшысын кінәлі деп тауып, мемлекеттік қызметте, қаржы ұйымдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Еске салсақ, Алматы қаласы Спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 360 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген болатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Алматы қалалық спорт басқармасының бұрынғы басшысына және басқа адамдарға қатысты 367,5 млн теңге ұрлау фактісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған еді