1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болуы мүмкін
29 наурызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің міндетін атқарушы Назгүл Сағындықова РСК брифингінде зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болатынын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасы мемлекет басшысының қарауына ұсынылып, 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі жүйе зейнеткерлердің үш ұрпағын қамтитын болады. Құжатта базалық зейнетақының мөлшерін арттыру қарастырылған. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап болашақ зейнеткерлер үшін жұмыс берушілерден қосымша зейнетақы жарналары енгізіледі.
Сонымен қатар, кодекс нормалары инвесторларға өз активтерін басқаруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге ол инвесторлар басқарушы компанияларды таңдаған кезде ықтимал тәуекелдерді өздері бағалауы керек деп қосты. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жылда 11,4%-ға өсті. 1 наурыздағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушылардың) жеке шоттарында 15,13 трлн теңге көлемінде зейнетақы жинақтары болды.