Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Назарбаев университетінің президенті отставкаға кетеді

Назарбаев университетінің президенті отставкаға кетеді
ашық дереккөз
Университет мәліметінше, Назарбаев университеті Шигео Катсу 15 маусымда отставкаға кетеді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі Назарбаев университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «13 жылға жуық қызметінен кейін президент Ш.Катсу өз қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Университет қауымдастығы президент Катсуға Назарбаев Университетінің Қазақстандағы бірінші әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті болуына көмектескен көрнекті көрегендігі мен тиімді көшбасшылығы үшін зор алғысын білдіреді», делінген хабарламада.
Шигео Катсу президенттік қызметінен кеткеннен кейін Назарбаев университетінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып қалатыны хабарланды. Сондай-ақ ол Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Жоғарғы қамқоршылық кеңесінің мүшесі қызметін жалғастырады. Шигео Катсу университет президентінің кеңесшісі қызметін де атқарады.
Әзірге Илесанми Адесида университет президенті міндетін атқарады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар