Назарбаев университетінің президенті отставкаға кетеді
Университет мәліметінше, Назарбаев университеті Шигео Катсу 15 маусымда отставкаға кетеді, деп жазды KYN.KZ тілшісі Назарбаев университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «13 жылға жуық қызметінен кейін президент Ш.Катсу өз қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Университет қауымдастығы президент Катсуға Назарбаев Университетінің Қазақстандағы бірінші әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті болуына көмектескен көрнекті көрегендігі мен тиімді көшбасшылығы үшін зор алғысын білдіреді», делінген хабарламада.