Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген
Қыздардың жасы 21 және 23-те. Аналары білген сәтте "Ешкімге айтпаңдар, масқара болмайық" деген
Адам түгілі айуан бұлай жасамайды. Сұмдық жағдай! Бауыр еті баласын туған әкелері он жыл бойы зорлап келген. Мектеп бітіріп, әбден азғын көрген апалы-сіңілі өз үйінен қашып, көмекті бөтеннен сұрап жалыныпты. Өйткені, туған шешелері біле тұра үніңді өшір, ауылдағы ағайынға қара бет боламыз деп шыдатқан. Алматы облысындағы адам айтса сенгісіз жағдайды "КҮН.КЗ" тілшісі Евразия жаңалықтарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.