Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан оқушылары үздік нәтиже көрсетті

Физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан оқушылары үздік нәтиже көрсетті
ашық дереккөз
Қазақстандық оқушылар физикадан 23-ші Азия олимпиадасында (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Қола - Әлішер Еркебаев, Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы. Алтын - Ерсұлтан Пітебай, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы. Қола - Арман Бақытов, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Қызылорда қаласынан. Екі оқушы құрмет грамотасымен марапатталды. Олар - Павлодардағы дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Даир Нұртаев және алматылық №165 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы Марғұлан Нұрсағатов. Айта кетейік, жазда бұл команданы тағы бір маңызды білім сайысы күтіп тұр. Олар Жапонияда 10-17 шілде аралығында өтетін физика пәнінен халықаралық олимпиадада бақ сынайды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар