Басты жаңалықтар

Қайрат Нұртас танымал блогермен жұдырықтаса жаздады

Қайрат Нұртастың  Жеңіс Омаровты итеріп жіберген видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Хитмен мен  келісімге келуге тырысып жатқан блогер “Қайреке, мен сізге жап-жақсы айтып жатырмын ғой”деп еді, Қайрат “Баршы дедім”, деп Жеңісті итеріп жіберді. Екі ер азаматтың арасындағы дау ушығып кетпес үшін белгісіз ер адам блогерды сабырға шақырып, оларды ажыратып алады. Әзірге олардың арасында бұндай түсініспеушіліктің не үшін орын алғаны белгісіз. Осы уақытқа дейін миллиондаған тыңдарман жинап, көпшіліктің көзайымына айналған әншінің бұл әрекеті жұртшылықтың ашуын тудырды. https://youtube.com/shorts/s7AQvOjRuGA?feature=share “Тәкәппар болмау керек”, “Қайрат халықтың арқасында жұлдыз болды”, “Адам менсінбейді”, “Не көрінді соншама итеріп?”, "Тыңдай салсаң нең кетеді Қайрат" – деп ойларымен бөлісті.