Құралай Нұрқаділова психологияға әкесіне көмектесу үшін келгенін айтты
Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай Нұрқаділова психологияға келу себебі әкесіне көмектесу екенін "Жүрек сөзі" бағдарламасында ашып айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Мен неге психологияға келдім? Менде сұрақтар болды ғой енді. Кім психологияға келді, ол бір жерде құтқарушы рөліне еніп кетті. Мен де психологияға әкеме көмектесемін деп келдім. Біріншіден, мен дизайнерлікке келдім. Қалай мен танымал боламын? Мен әкем сияқты танымал болайын деп келдім. Содан дизайнер менің мамандығым, мен оны жақсы көремін. Бірақ ол тек құрал ғана болған. Енді психолог ретінде өзім сездім, менде жеңілдік бар. Мен жақсы өмір сүре аламын. Не қалаймын, не қаламайтынымды жақсы білемін. Мен құтқарушы рөлінен шықтым. Адамға менің кеңесім керек болса, ол маған өзі келеді. Маған білім керек болған. Маған психология қызық болды және маған көмектесті. Менің миссиям - адамдарға көмектесу", - деді Нұрқаділова.