Айжан Байзақова тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің тегін алған
Айжан Байзақова танымал тележүргізуші, журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында өзінің тегін өзгерткендігі жайлы айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. “Иә, мен тегімді ауыстырдым. Негізі маған өз тегім қатты ұнайды. Бастапқыда Нұрбек: “Сен бәрібір менің тегімді аласың” дегенде мен: “Жоқ, қайдағыны айтпа. Менің тегімнің өзі қаншама ақша әкеледі. Мазақ қылғаның ба?” деп қарсы болдым. Кейін бір жерден әйел күйеуінің тегін алса, нағыз отбасы болатыны туралы оқып қалдым. Ерлі-зайыпты бір топта жұмыс істегендей әрекет етеді. Нумерологтарға барған кезде олар маған: “Өміріңде қиын жағдай болса не атыңды, не тегіңді өзгерт” деп кеңес берген еді”, – дейді Айжан. Алайда блогердің бұл шешіміне ата-анасы қарсы болған. “Әкемнің ренжігені сонша, естігенде дірілдеп кетті. Байзақовтар өз тегін қатты жақсы көреді. Әулеттің ұлдары мен келіндері ажырасып кетсе де, кеткен адамдар тегін өзгертпейді. Өйткені “Байзақовтар” деген әдемі естіледі. Менің анам да әкеммен ажырасып кетсе де әлі күнге дейін өз тегін ауыстырған емес. Менің бұл әрекетімді әкем тұрмақ анам да түсінген жоқ. Әлі күнге дейін маған: “Айжан, сен қалай ғана тегіңді ауыстырдың? Әулетімізді сатып кетуге қалай ғана дәтің барды?” деген сұрақ қояды. Әулетімізде өз тегін ауыстырған мен ғана”, – дейді Айжан. Алайда Айжан өзінің қазіргі тегін жария етуден бас тартты.