Басты жаңалықтар

Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

Деректі фильм авторы журналист Қанат Тілеухан осы күнге дейін қажетті қаржыны желі арқылы елден жинап бастаған еді

 Режиссер Болат Атабаев туралы “Мың жылдық ойын” деректі фильміне қаражатты мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай тауып беретін болды. Бұған дейін фильм авторы Қанат Тілеухан қажетті соманы желі арқылы елден жинап бастаған еді, деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі.Бұл туралы журналист Қанат Тілеухан өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Онда ол халықтан ақша жинауды тоқтататынын, деректі фильмге керекті қаражаттың табылғанын жазған.

Бұйырса бес күннен кейін түсіру жұмыстарын бастаймыз. Краудфандингті тоқтатамыз. Бәріңіздің достық пейілдеріңізге, қолдауларыңызға рақмет. Жылы сөздің өзі үлкен медеу. Аздаған қаражат түскен еді. Оны қазір қайта салып жіберемін. Бір байқағаным тілектес жандардың қатары мол екен. Бәріңізге Жаратқан разы болғай. Ал енді қаржыға келетін болсақ. Қаржы табылды. Өзіміздің әріптесіміз, ініміз Мақсат Толықбай тауып беретін болды. Мәкеңе алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Болат аға тіріліп келсе, краудфандинг деген не тағы. Тоқтатыңдар мынандайларыңды. Зачем меня возвышать? деп сөйлер еді.) Ол кісінің лексиконы сұмдық қой. Тағы да бәріңізге рақмет!, - деп жазды Қанат Тілеухан.