Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)
Құндызай Аяғанова: Күйеуіме жабылған қылмысты жасағандар органда істейді. Олар өздері құтылу үшін, қолдарындағы бар күшті пайдалануда
Қызылордалық 5 баланың анасы Құндызай Аяғанова "КҮН.КЗ" редакциясына хабарласып, басындағы мәселені жария етуді өтінді. Сөзінше қала аралық жүк көлігін жалданып жүргізетін Асылбек Бейсенбаевқа (Құндызайдың күйеуі) нақақтан жала жауылып жатыр. Мәселеге қыз баланың жол бойында мерт болғаны себеп болған. Полицейлер мәйітті тауып, Бейсенбаевқа жауып отыр екен. Құндызайдың сөзінше марқұм сол маңда өз жолдастарымен ішімдік ішіп, түні бойы қыдырған. Таңға жуық достарымен ұрысып, кафеден шығып кеткен. Содан кейін полиция оның денесін жол бойынан тапқан. Қыз бірге жүрген топ адамның ішіндегі екі жігіт Жамбыл облысына қарасты құқықтық органда қызмет етеді екен. Еш жерден әділдік таппай қорланған бес баланың анасы амалы құрып, ел президентіне өтінішін жеткізуді сұрады. Аяғанова Құндызай мен Бисенбаев Асылбектің бес баласы бар. Олардың үлкені колледж студенті, үшеуі мектеп оқушысы, бесіншісі 1,5 жаста. Ал Құндызай Аяғанованың алтыншы балаға аяғы ауыр. Отбасының жалғыз асыраушысын жаладан құтқарғысы келетінін айтады. Төменде Құндызай Аяғанованың хаты: