Алматыда мүгедек арбасына таңылған зейнеткерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендер ұсталды
Олар зейнеткерді күні бойы жол бойына қойып, кешкісін ақшасын тартып алып отырған. Дұрыс тамақ та бермеген.
Алматы полициясы мүгедек арбасында отырған зейнеткерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендерге іс қозғады. Желіде әлдебіреулер 66 жастағы алматылық кемтар әйелді құлдықта ұстап, күні бойы жол бойында қайыр сұрауға мәжбүр еткені жайлы хабар тарады. Арбаға таңылған зейнеткерді жайма базарда волонтерлер байқап қалған. Алматы қаласы ПД аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 126-бабы бойынша тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Жетісу аудандық ПБ қызметкерлері жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып, Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады. ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.