Басты жаңалықтар
Өзге ұлт өкіліне күйеуге шығып қорлық көрген қазақ қызы жан айқайын жеткізді
- автор kyn.kz
- 2 шілде, 2018
- 417
Бойжеткен күйеуінің қарақалпақ екенін тұрмысқа шығар алдында ғана білген
Қарақалпақ ұлтының жігітіне тұрмысқа шығып қорлық көрген бойжеткен, желіде жан сырымен бөлісті деп хабарлайды KYN.KZ Күйеуімен осыдан екі жыл бұрын ажырасқан келіншек бойдақ қыздарға кеңесін айтты. Бойжеткен төрт жыл бойы кездесіп жүрген жігітінің қарақалпақ ұлтынан екенін тұрмысқа шығар алдында ғана білген. Дегенмен жігіттің адамгершілі мен еңбекқорлығын сыйлаған ол, ойланбастан күйеуге тиюге келісім берген.
Алайда алып қашып апарған күннен бастап, жаңа отбасы оған күң секілді қараған. "Үйіне алғаш апарған күннен бастап аяқ киімдеріне дейін жудым.
Барлығы уақыты ұйықтап, тұрады. Ал мен болсам таңғы сағат беске дейін жұмыс жасап, алтыда аула сыпыру үшін қайтадан тұратынмын.
Сарай тазалатып, 45 кг ауыр төсектерді тасытатын, туыстарының дәретханасына дейін жуғызатын. Қиналып кеткенім сонша күніне екі рет мұрным қанайтын, екі бүйрегім ісіп, тұра алмай жатқанымда күйеуім келіп теуіп тастайтын", - деп жазды.
Сонымен қатар бойжеткенге тек қана қарақалпақша сөйлеуді бұйырған. Күйеуі мен қайын жұртынан қатты қорлық көрген келіншек жаңбырлы күні, үй аяқ киімімен, ауладағы артқы есіктен шығып үйіне қарай қашқан. "Мен осылай ажырастым. Сондықтанда қыздар әркім өз ұлтына күйеуге шықсын дегім келеді", - деп сөзін аяқтады. Бұл туралы келіншек Үшбу хат парақшасында жазған болатын, егер сіздің бізбен бөлісер құпияыңыз бен жан сырыныз болса KYN.KZ Instagram парақшамызға жазсаңыз болады.