Басты жаңалықтар

Ерке Есмахан: Біреудің бақытын емес, қайғысын күтіп отыратын қоғам болды ғой

Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің жеке өміріне қатысты, жалған ақпарат таратқан БАҚ өкілдеріне ашулы, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Ерке Есмахан жолдасы Раймның іс сапарын пайдаланып, жалған ақпарат таратқан тілшілерге ренішін білдіріп инстаграм әлеуметтік желісінде сторис жариялады. "Біреудің бақытын емес, қайғысын күтіп отыратын заман, қоғам болды ғой! Жұмысымен Америкаға барып келгенге бросил деп жар салып, жаңалық жасап. Ұятсыздар! Қашан осы он бросил, расстались, үйтті, бүйтті деген жаңалық шығарамыз екен деп, армандап күтіп жүрген қара ниетті адамдарға айттарым! Аллаға тапсырдық сендерді, әр қисық сөз, арам ой, жағандарыңыз үшін өздеріңіз жауап бересіздер! Алла сабыр және мол бақыт берсін жолдасым екеумізге", деп ойын аяқтады.  width=