Он жыл бойы туған әкесі зорланған екі қыздың анасы бар ақиқатты жайып салды
Қыздардың анасы: Ол бәрімізді өмір бойы қорлап келеді. Алғаш естігенде өлтіргім келді.
Он жыл бойы туған әкелері зорлаған қыздарға қатысты тың ақпарат шықты. Кеше ғана бойжеткендердің шешесі ештеңе білмедім деп камерадан тұра қашқан еді. Бүгін бар шындықтарын жайып салды. Күйеуінің 27 жылдан бергі азғындығына шыдап, бауыр еті балаларын қорғай алмағанына өкініп отыр. Ал, бүлдіршіндердің он жыл қорлық көргенін тек былтыр біліпті, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі Евразия арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап.