Басты жаңалықтар

Роза Әлқожа Әбдіжаппардың туған күн кешінде оның "қыдырып кеткен" сәттерін айтып, келінін жылатып алды (видео)

Роза Әлқожа: Келініме басында "Сені бағаламайды, ол әлі талай қыдырады, сендей он келіншек болады" деп айтқанмын

Роза Әлқожа інісі  Әбдіжаппар Әлқожаның туған күніне арналған дастархан басында дүйім жұрттың алдына шығарып, келінін мақтады. Оның төзімділігі мен берген сертіне адал болғанына көпшіліктің алдында  таңданысын жасырмады, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Тараған видеода Роза Әлқожа Әбдіжаппарға ақ тілегін арнауға шыққан. Сол сәтте танымал әншінің келіншегін  Роза Әлқожа  таңдап, алғашында өзі сөйлескен сәттерді есіне алды. "Мен басында айтқанмын. "Әлі ода сендей он келіншек болады, шыдайсың ба? Топырлатып баланы тапқаныңмен бағаламайды, шыдайсың ба? Үйдің бетін көрмей көше кезеді, қыздардың өзі келіп оны арбайды, шыдайсың ба?" дедім.  Ол маған "Әпше, бәріне шыдаймын. Шымкентке келін боламын. Әулеттің ұрпағын көбейтіп, адал келін боламын" деді. Міне әйелдер осындаймыз ғой. Құдай сендерді айырмасын",- деді Роза Әлқожа. Сол сөздерді естіген сәтте Әбдіжаппардың келіншегі қайын әпкесінің иығына басын қойып, ел алдында ішінде өксігі барын білдірді. Көз жасын сүртіп, күлеберді.