Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті
Танымал кәсіпкер әрі блогер Мейіржан Төребаевтың жұбайы Дана Есеева өзінің 10 жылдық отбасылық өміріндегі тәжірбиесімен бөлісіп, енесімен тату болудың құпиясын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. “Жақында мен әлеуметтік желіге келін болып қонақтарға мата таратқан видеомды жүктеген едім. Ол матаның бағасы не болмаса қалай сыйлағаным маңызды емес. Бастысы мен енем үйреткендей жасадым. Мен өз туыстарымның қуанышында болсам, туғандарым үйреткендей жасар едім. Мәселе дәстүрдің дұрыс-бұрыстығында емес, күйеуімнің туыстары мені қалай үйретсе, солай жасаймын. Мен өзіме оғаш көрінген көптеген салт-дәстүрге куә болдым. Өзіме: “Мен мұны не үшін жасауым керек?” деген сауал қоятынмын. Салт-дәстүрді “Бұрынғы заманның әдеті” деп өмір бойы жамандай беруге болады. Бірақ іштей: “Енеңмен тату болғың келе ме? Күйеуіңмен түсініскің келе ме? Өз үйіңде “енем не ойлап қалады екен?” деген ойдан арылып, еркін жүргің келе ме? Онда күйеуіңнің туыстарының құндылықтарын бойыңа сіңіре біл” деген ой туады. Қысқасы, қарсыласқан сайын бірінші енеңмен, кейін күйеуіңмен арада түсініспеушіліктер көбейетінін түсіндім. Мен 14 жыл келіндік өмірімде бәрін көрдім. Қарсыластым, қайта табыстым. Бірақ бұл туралы кейін айтамын”, – деп жазды блогер.