Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады
Әнші: Сыңсуды малға ауыстырылып жатқан, шалға күштеп берілген, сүймеген адамына баражатқан қыздар айтады
Әнші Тамара Асар Қазақстанның батысында он бес жыл бұрын алғаш рет қыз ұзатқан сәтін еске алды. Ол қыз ұзатудың өз ережесі, салтқа сай орынды әрекеттері мен ырымдары барын жеткізді. Өйткені қазір ұзату тойында өз елімен қоштасып әндететін қалыңдықтар көп. Олар сыңсудың, өз жұртымен қоштасудың нақ мағынасын түсінбей жүр екен, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. "Бастығымның айтуы бойынша, біз бірінші рет қыз бен жігітті бөлдік сол күні. Тойдың иесі "Мен қызым мен күйеу баламды бөліп жіберемін" деп ренжіді. Қазақтың салт-дәстүрінде қыз бөлек отырады, жігіт бөлек келеді деймін. Бірінші рет осылай жасағанда бәрі таңғалды. Оның режиссері менің бастығым болды. Қазақтың қызы сыңсу айтпаған. Қазақтың малға, шалға кетіп бара жатқан қызы ғана сыңсу айтқан. Сыңсуды еріксіз кетіп бара жатқан адам айтқан. Ал мен "Ата-ананың өсиет әні" деген әнді жаздым. Әуенін халықтан алдым. Барлығы - халықтыкі. Халықтыкін жөндеп, өзіне қайта береміз. Сыңсу - еріксіз кеткен қыздың зары, жоқтауы сияқты", - деді Тамара Асар.