Таиландта зардап шеккен қазақстандық қалыңдығын құтқарамын деп суға батқан, қазір жансақтау бөлімінде жатыр
Әпкесі: Жергілікті БАҚ Артурдың мерт болғаны туралы ақпарат таратып үлгерді, алайда бұл олай емес!
Таиландта теңізге түсіп, зардап шеккен қазақстандық қалыңдығын құтқарамын деп суға батқан, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Артурдың әпкесі оқиғаның қалай болғанын жазды. Оның үндеуі Facebook-те пайда болды. "Қазір бізге Таиландтағы дәрігерлермен сөйлесетін реаниматолог дәрігерлер қажет, өйткені олардың жеке емдеу хаттамалары бар. Шұғыл репост жасауларыңызды өтінемін! Менің інім Ысқақов Артур Таиландқа қалыңдығымен бірге демалысқа ұшып кетті. Олар суға түскен кезде теңізде күшті толқын басталған, оның қызы суға бата бастаған, әрине, інім оны құтқармақшы болған, ол оны құтқарған, бірақ өзін толқын тартып алған, - деп жазды зардап шеккен қазақстандықтың әпкесі Алина. Қазір Артурдың туыстары мен жақындары оны Қазақстанға жеткізу үшін барын салуда.