Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес
Айкерім Есенәлі: Қоғам ажырасқан әйелдерді кінәләғанды жақсы көреді
Танылмал тележүргізуші Әйкерім Есенәлі "Мамский әңгіме" подкастына берген сұхбатында ажырасудан кейінгі қызымен әкесінің қарым-қатынасы туралы айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Қазір қызымның әкесі басқа қалада. Бірақ мүмкіндігінше бейнебайланыс арқылы сырласу, ақылдасу, айту, көмектесу, қыдыртып қайту деген сияқты өзінің жауапкершілігін түсінеді. Қызымен екеуінің менен құпиялары бар деген сияқты ғой. Ол үшін Әнуарға рақмет. Бірақ бұл бірден бола қалатын нәрсе емес. Ажырасу эмоционалды түрде өте ауыр процесс. Әркім оны әр түрлі өткереді. Сәйкесінше ажырасудан соң ешкім бір-бірін жақсы көріп қалмасы анық. Біз қоғам әйелдерді кінәлағанды жақсы көреміз. Сенің міндетің деп... Әйелдің дипломатиялық қабілеті жақсырақ дамыған. Тізгінді алып ер адамға, енді екеуміз балаға жақсы әке-шеше болайық десе ештеңе етпейді. Бірақ сол сәтте сен профессионал ана сияқты, оны ер жігіт ретінде қабылдауды тоқтатта, оны "әке" ретінде қабылда. Өзіме-өзім осындай тәрбие бердім. Ажырасқаннан бір апта өткеннен кейін менде Әнуармен келісім болды. Біз екеуміз жақсы әке-шеше болайық, қыздың көзінше ешқандай ұрыс керіс болмасын деп келістік", деді тележүргізуші. Сонымен қатар тележүргізуші сұхбат барысында тағы да балалы болғысы келетіндігін айтты.