Құқық қорғау қызметкерінің турист әйелді итеріп жіберген видеосы желіде тарап кетті
Ғазиза Райымбек: Әйелдерге дөрекелік көрсету, біздің еркектердің қанына сіңіп кеткен
Журналист Ғазиза Райымбек әлеуметтік желідегі парақшасында құқық қорғау қызметкерінің турист әйелді күшпен итеріп жіберген сәтін жүктеді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Әйелдерге дөрекелік көрсету, біздің еркектердің қанына сіңіп кеткен. Шамасы, ол қызметте екенін ұмытып кеткен. Әйелдерге бұлай дөрекілік көрсетуге болмайды. Шетелдік қыздар. Менің ойымша олар үлкен күйзеліске тап болды. Енді біздің елге келмейтіні анық және бұл жағдай туралы басқаларға да айтатын болады. Егер маған біреу саусағының ұшын тигізсе, сотқа беріп, жазалар едім ! Бізде заң жүйесі жұмыс істемейді. Полиция қызметкерлері өздерін құдай санайды. Сосын ойларына келгенін жасайды. Мен Алматы ПД-дан түсініктеме күтемін. Қызметкердің қыздардан кешірім сұрауын талап етемін! Бұл жағдайға немқұрайлы қарамай оның жазасын беру керек. Алып кеткен қыздың жағдайы не болды? Біздің құқық қорғау қызметкерлері өздері заңды белшесінен басуда, олар ертең сізді де осылай алып кетуі мүмкін. Ешкім ештеңені дәлелдей алмайды. Қыздар алкаголді ішімдік ішсе де, әйелдерді итермей, байыппен олардың құқықтарын түсіндіруге болады ғой" , деп жазбаны аяқтады. Сонымен қатар журналист құқық қорғау қызметкерлеріне ағылшын тілін үйренуге кеңес берді. https://youtube.com/shorts/n14n37wEXi0?feature=share