Таиландта қалыңдығын құтқарамын деп зардап шеккен қазақстандық қайтыс болды
Таиландта теңізге түсем деп зардап шеккен қазақстандық қайтыс болды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Қаралы хабарды марқұмның әпкесі естіртті. "Артурдан айырылып қалдық", - деп жазды ол Instagram-да. Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадировта бұл ақпаратты растады. Жергілікті биліктің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан Артур Ысқақов теңізге түсіп, көп су жұтып қойған. «Таиландта демалып жатқан ҚР азаматтарын жергілікті билік органдарының талаптарын сақтауға шақырамыз және метеорологиялық шектеу кезінде теңізге түспеу керектігін еске саламыз. Өкінішке қарай, бұл - соңғы аптада Таиландта отандастарымызға болған екінші оқиға», деп ескертеді ҚР СІМ.