"Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?": көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды
Көптен көрінбей кеткен әнші желіден парақша ашып, өзі жайлы жаза бастады
Осыдан ширек ғасыр бұрын "Асыл әжем" әнімен көпшіліктің көңілінен шыққан әнші Рахат Тұрлыханов қазіргі таңда қайда жүр? Тыңдарман назарынан тыс қалған Рахат Тұрлыханов Instagram желісіне отбасылық суретін жариялады, деп жазады Nur.kz сайты. Сүйікті әншінің көптен көрмеген тыңдармандары желіде естелігін бөлісті. Желі қолданушылары Рахат Тұрлыхановтың әндерін сүйіп тыңдаған жылдарды еске алған. "Қартаюды ұмытып кеткенсіз бе?", "Өзімнің оқушы кезім еске түсті", "Бақытты болыңыз", "Менің экрандағы алғашқы махаббатым", "Әндеріңіз керемет", "Кезінде әндерін тыңдайтын едік", "Сүйікті әншім", - деді желідегілер. Әлеуметтік желіде ақпаратқа сүйенсек, Рахат Тұрлыханов қазіргі таңда түрлі бизнес шаралардан қалмайды. Жиі шетелге саяхатқа аттанып, қоғамдық өмірге де белсенді екенін байқауға болады. Сонымен қатар әншінің уақытын көбіне отбасына арнайтыны да байқалады. Айта кетейік, Рахат Тұрлыханов тоқсаныншы жылдары көпшілікке "Асыл әжем" әнімен кеңінен танылды. Сонымен қатар әншінің "Зимние ливни", "Азем" атты танымал әндері бар. Сондай-ақ айта кететіні, Рахат Тұрлыханов 2014 жылы ер адамды ұрып жіберген болатын.