Депутат Мақсат Толықбай Қайрат Сатыбалдының түрмеден жатып қонақ үй сатып алғандығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады
Hilton қонақ үйінің иесі: Қайрат Сатыбалды ұсталса да, рейдерлік әрекет жалғасып жатыр
Танымал тележүргізуші, журналисист депутат Мақсат Толықбай әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Сатыбалдының заңсыз жолмен тартып алған бизнестері туралы жазба қалдырды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Мақсат Толықбай Алматыдағы Hilton қонақ үйінің 160 қызметкерінің арыз-шағымын тыңдап қайтқан. Бұл қонақ үйдің иесі Шолпан Каранеева ғимаратты Қайрат Сатыбалдының рейдерлік жолмен тартып алғанын 2020 жылы-ақ ашық айтып, «азаттық» сияқты талай ақпарат құралдарына сұхбат берген екен.
«Осыдан төрт жыл бұрын (2019 ж) франчайзинг келісімімен Hilton қонақ үйін салған. Құрылысты аяқтау үшін «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-на қонақ үйді кепілге қойып 4 млрд 200 млн теңге сомасында қарыз алған. Короновирус пандемиясы басталған 2020 жылы Hilton қонақ үйі қызметін уақытша тоқтатқан.