Пара алды деп айыпталған Ерлан Біләл сот ісіне қатысты бар шындықты айтты
Ерлан Біләл: Бүреудің құрып қойған тұзағына түскен кезіміз болды
Актер Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләл El.kz ақпарат агенттігінің YouTube арнасындағы “Базарlike” бағдарламасына берген сұхбатында сот ісіне қатысты бар шындықты, айтты деп жазды KYN.KZ тілшісі. “Сот шешімімен 52 миллион 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ондай ақша қайдан бізде? Көшеде келе жатсам үйімнің есігінің алдында қара құрым ел. Ол да халықтың маған деген құрмет, сүйіспеншілігі ғой деп түсіндім. Тіпті зейнеткерлердің өзі 30, 50, 100, 150 мың теңгеден берді, көп адамның ішінде танитыным бар, танымайтыным бар. Соның ішінде үлкен айтулы, жағдайы келетін азаматтар да бар. Сол адамдардың жәрдемі арқылы құтылдым. Одан қалды қолымдағы барды саттым. Көлігімді саттым, туған-туыс, бауырлар өздерінің тұрып жатқан үйлеріне дейін сатуға қойды. Ел-жұрттың көмек, жердемін жиыстырып, 2-3 айға создырып жүріп төледім. Қазір аз-маз қарызым бар. Мұндай көлемдегі ақша оңай емес. Менің өңім түгіл түсіме де кірмеген қаражат”, – дейді Ерлан Біләл. Сонымен қатар актер сот отырысында атақтарынан да айырылып қала жаздағанын айтты. “Сотта атақтарымнан айыру туралы да шешімді де қарастырған болатын. Бірақ соттың шешімімен қалдырды”, – дейді өнер иесі.