«Оқуды 5-ке бітірдім»: Әкесінің қабіріне барған бала жұрттың жүрегін елжіретті
Әлеуметтік желіде мектептен шыға сала әкесінің қабіріне барып, оқудағы жетістігін айтып берген баланың видеосы тарады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Бейнежазбада әкесінің қабіріне барып, сағынышын білдірген баланы көруге болады. Мектеп оқушысы мақтау қағазын көрсетіп, әкесіне оқуды 5-ке бітіргенін айтқан. «Папа, ассалаумағалейкум. Мынаны қарашы, сабақты беске бітірдім. Енді 3-сыныпқа барамын», дейді бала. https://youtube.com/shorts/7ynuxY7FpHA?feature=share