Жұлдызай Дүйсенбиева дертіне қатысты қайда және қалай емделетінін айтты
Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева осыған дейін ашып айтпаса да ауыр дертке шалдыққанын айтып, көпшілікті алаңдатып қойған еді. Актриса соңғы кездерде дерті асқынып, өзін нашар сезініп, көптеген жобалардан бас тартқанын айтқан болатын. Денсаулығы мен отбасына уақытын арнағысы келген актриса бүгінде емделуді бастап кеткен, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі. “Осы қошақанның несібесіне менде бәрі жақсы. Өзбек елінің ақ халаттылары ота жасамай, ем жасайтын болды. Емді бастадық, шипа Алладан”, – деп жазды актриса. Мұнымен қоймай актрисаның күйеуіне қатысты жазбасы да желіде талқыға түсті. Өйткені бұған дейін "Дүйсенбиева ажырасып кетіпті" деген жел сөз тараған еді. “Алла қосқан екі жанды ешкім де, еш нәрсе де ажыратпайды екен. Бір-біріңізді қадірлеңіздер. Жақсы көріңіздер, Алла разылығы үшін”, – дейді актриса.