Әнші Нұрболат Қанай өзі армандағандай орамалды қызға үйленді
Әнші: Мағрип намазын бірге оқыдық
Жастар арасында Qanay есімімен танылған әнші шаңырақ көтерді. Ол отбасы құрғанын қалың жұртқа өзі хабарлады. Бұған дейін әнші сұхбаттарының бірінде орамалды қызға үйленетінін айтып, көпшілік талқысына түскен еді. Бүгін өмірлік серігінің, неке куәлігінің суретін жүктеп елден көрімдік сұрады. “Мағрип намазын бірге оқыдық. Алла Тағала екеуімізге жымиып күлген сияқты. Алла қайырлы қыл. Ал құттықтап қойыңыздар. Не жыларымды, не күлерімді білмей отырмын”, – деп жазды Нұрболат Қанай.