Dequine: Бұл әрекетіме еш өкінбеймін
Жастар арасында танымал болған әнші Dequine лақап атымен танылған Данэля Садықова хиджабын не үшін шешкенін әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
“Қанша уақыт орамалмен жүрдіңіз? Неге қазір шешіп тастадыңыз?” деген оқырман сауалына әнші: “Жарты жылдай хиджаб кидім. Ол кез – маған көп нәрсені үйреткен ең керемет шақтарым. Неге шешіп тастадым? Себебі менің айналысқым келетін сүйікті ісім, зерттеп, сезінгім келетін өмірім ислам қауымдастығының және діншіл адамның ережелеріне сай келмейді”, – дейді Dequine.
Сонымен қатар әнші бұл әрекетіне еш өкінбейтінін айтты.
Айта кетейік әлеуметтік желіде танымал блогерлер мен шоу бизнес өкілдерін "Ақша үшін оранды", деген тележүргізуші Динара Сатжанның басы дауға қалғанын жазған едік.
Келесі мақала